Дәрігерлер аптаптан қалай қорғану керегін айтты

Алматыдағы №4 Қалалық емхананың дәрігерлері ауа температурасының жоғарылауына байланысты бірқатар кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Аптапта организмге кері әсерін тигізеді, сондықтан ыстық кезде көмектесетін кеңестерді сақтау керек:

  • суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз: Ыстық күндері ішетін судың мөлшерін арттыру қажет. Суды жиі ішіңіз және газдалған сусындар мен ішімдік ішпеген жөн.
  • Салқын үй-жайда болыңыз: Мүмкіндігінше қатты ыстық уақытта (сағат 11:00-ден 16:00 дейін) күн астында жүрмеуге тырысыңыз. Кондиционер бар салқын үй-жайда уақыт өткізіңіз немесе салқындаудың басқа да әдістерін пайдаланыңыз.
  • Дұрыс тамақтану керек: өз рационыңыздан майлы, ысталған, тұзды, қуырылған және ащы тағамдарды алып тастаңыз. Майсыз ет түрлерін, жемістер, көкөністер, қайнатылған және бұқтырылған тағамдарды қолдану керек. Жемістер мен көкөністерді мұқият жууды ұмытпаңыздар, ал тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз.
  • Ашық түсті және кең киім киіңіз: Денеңіз қатты қызбайтындай киініңіз. Ашық түсті, ауа өткізетін жеңіл және табиғи матадан жасалған киімдер дұрыс, себебі ол күн сәулесін қайтарады. Жеңіл бас киім, күннен қорғайтын көзілідірік киіңіз.
  • Күн сәулесінен қорғайтын заттар қолданыңыз: Күнге күюден және теріні зақымдалудан сақтайтын қорғау күші жоғары кремдер қолдануды ұмытпаңыз. Кремді сыртқа шығар алдында жағыңыз және күні бойы жиі қайталап жағып тұрыңыз.
  • Халықтың осал топтарына көңіл бөліңіздер: балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар, әсіресе ыстық күнге байланысты қауіп тобындағылар. Оларға қосымша күтім жасаңыз және ыстық күндері жағдайын қадағалаңыз.
  • Суға шомылғанда қырағылық танытыңыз: Егер сіз жағажайда демалсаңыз немесе ашық суларда шомылсаңыз қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Күн астында ұзақ болудан бас тартыңыз, күн сәулесінен қорғайтын заттарды пайдаланыңыз және суда сақ болыңыз. Жоғарыда аталған кеңестерді сақтаңыздар және күн өту немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз.

Есте сақтаңыз, сіздің денсаулығыңыз - өз қолыңызда!

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!