Өзіне қол жұмсаған. 64 жастағы зейнеткер өлі табылды

Оралда зейнеткер өзіне қол жұмсаған. Ер адам медициналық есепте тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 25 шілдеде сағат 22:20-да төртінші шағынаудандағы көпқабатты үйдің ауласында болған.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тұрғын үйдегі кіреберіс маңынан 64 жастағы ер адам өлі табылды. Ол өзіне қол жұмсаған.

Зейнеткер гипертония диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Полиция соталды тергеуді бастады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 28 жастағы әйел 5-қабаттағы терезеден секірмек болғаны хабарланған еді. Оқиға 12-шағынауданда болған. Әйелді құтқарушылар аман алып қалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!