Есікті бұзып кірген: Ақтөбеде 28 жастағы әйел 5-қабаттан секірмек болған

Есікті бұзып кірген: Ақтөбеде 28 жастағы әйел 5-қабаттан секірмек болған
Фото: Ақтөбе ТЖД

Ақтөбеде әйел тұрғын үйдің 5-қабаттағы терезесінен секірмек болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе ТЖД сілтеме жасап.

Оқиға 12-шағынауданда болған. 

27 шілдеге қараған түні құтқарушыларға 28 жастағы әйел 5-қабаттағы терезеден секірмек болғаны туралы хабарланған.

"Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге шақырту орнына барды. Олар арнайы құралдың көмегімен есікті бұзып, өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да полицейлер 20 метр биіктен секірмек болған ер адамды құтқарып қалған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан