Алматыда барахолка маңында жүк көлігі қызды қағып кетті

Алматыда барахолка маңында жүк көлігі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы барахолка маңында болған оқыс оқиғаның видеосы пайда болды. Балалы отбасы, сондай-ақ жас қыз көлік көп жүретін тас жолды кесіп өткен. Жүк көлігі қызды қағып, екі баласы бар әйел жол ортасында есеңгіреп қалған.

Алматы полициясы жол апатының 25 шілдеде түскі сағат 3-тер шамасында қаланың Жетісу ауданында болғанын хабарлады.

"Mercedes көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, шығыс бағытта жолдың бөлігін кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осы оқиға салдарынан жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция.

Оқиғаның мән-жайын Жетісу облысының полиция департаменті тексеріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!