Алматыда шатыр опырылды: бірнеше көлік зардап шекті

Алматыда шатыр опырылып, бірнеше көлік зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 21 шілдеде сағат 15.30-да Әлімжанов көшесіндегі №14/7 үйдің маңында болған. Қатты жел салдарынан шатыр опырылып түскен.

Салдарынан үш көлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!