Актриса Гүлназ Жоланованың құпиясын оқырмандары ашып қойды

Әлеуметтік желіге жаңа видео жүктеген Гүлназ Жоланованы көпшілік аяғы ауыр деп болжауда. Актриса осы жылдың ақпанында тұрмысқа шыққан болатын,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актриса Instagram желісіне жаңа видео жүктеген.

"Өмірімнің бұл бөлігі - тыныштық деп аталады", - деп жазды Гүлназ Жоланова.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің бұл видеосын қызу талқыға салып, актрисаны аяғы ауыр деп болжады.

"Гүлназ, аяғыңыз ауыр ма?", "Мен өткен жолы солай ойлап едім. Лайым солай болсын", "Сізді саябақтан көрдім. Жүктілігіңіз әдемі жарасады", "Бақытты бол, қызым", "Аяғыңыз ауыр ғой, мұрныңыз үлкейіпті", "Жүкті болған жарасады", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, актриса Гүлназ Жоланова биыл ақпан айында тұрмысқа шықты. Сонымен қатар БАҚ-та Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер, Өскемен қаласындағы бірнеше мейрамхана мен қонақ үйлердің иесі Мұхтар Тойбазаровтың ұлы екені жайлы ақпарат тарады. Сондай-ақ, актриса күйеуі туралы айтқанын жазған болатынбыз. Ол туралы осы жерден оқып біле аласыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!