Актриса Гүлнәз Жоланова күйеуі туралы сұраққа жауап берді

Актриса Гүлнәз Жоланова күйеуі туралы сұраққа жауап берді
Фото: instagram/zholanova_gulnaz

Танымал актриса Гүлнәз Жоланова күйеуі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Оқырмандарының бірі актрисадан күйеуі туралы сұрайды. Өнер иесінің айтуынша, күйеуі 32-де.

"Барлық шара өтіп кетті. Жұбайым танымал емес, шығармашылықтан да алыстау, тіпті Instagram-парақшасы жоқ. Оның жеке шекарасын бұзғым келмеді, сондықтан ешқандай сурет пен видео жоқ", - деп жауп берді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Гүлназ Жоланованың сырға салу рәсімі өткенін хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек