Қазақстанда бір аптаның ішінде 220-ға жуық өрт болған

Қазақстанда бір аптаның ішінде 220-ға жуық өрт болған
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда бір аптаның ішінде 220-ға жуық өрт болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алдыңғы аптада елімізде 277 төтенше жағдай:

  • 74 табиғи сипаттағы;
  • 203 техногендік сипаттағы тіркелді.

Құтқарушылар төтенше жағдай орнына 1 995 рет барған, 159 адам, оның ішінде 55 бала құтқарды. 8 адам (3 бала) эвакуацияланды.

Бір апта ішінде елімізде:

  • 219 өрт;
  • 1 123 жану;
  • 224 басқа төтенше жағдай болды.

112 құтқару қызметіне 146 693 қоңырау келіп түсті және 184 дауылды ескерту жіберілді.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында құрғақ шөп өртеніп, кейін сөндірілгенінін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан