Абай облысындағы құрғақ шөп өрті толығымен сөндірілді

Абай облысындағы құрғақ шөп өрті толығымен сөндірілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 17:23-те толығымен сөндірілген.

Өртенген учаскенің ауданы 4,5 гектар болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД, ЖАО және "Семей орманы" МОТР 30 адамы және 7 техникасы қатысты.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында құрғақ шөп өртеніп жатқанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан