Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы тұрақсыз ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел соғып, бұршақ жаууы да мүмкін.

26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады. 26 маусымда түнде еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады деп күтіліп отыр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар шілдеде қалай демалатыны хабарланған болатын. Шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі. Сондықтан демалыс күндері ұзақ болады. 

Бұған дейін Үкімет Елорда күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстырды. 2023 жылы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі, 1 шілдеден жұма, 7 шілдеге ауыстырылды.

Нәтижесінде қазақстандықтар елорда күніне орай төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Шілдеде қазақстандықтар мына күндері демалады:

2 шілде - демалыс күні;
6, 7, 8 және 9 шілде - мерекелік демалыс күндері;
15 және 16 шілде - демалыс күндері;
22 және 23 шілде - демалыс күндері;
29 және 30 шілде - демалыс күндері.
Осылайша, шілдеде 11 күн демалыс болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова