Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі. Сондықтан демалыс күндері ұзақ болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Үкімет Елорда күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстырды. 2023 жылы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында демалыс күні сенбі, 1 шілдеден жұма, 7 шілдеге ауыстырылды.

Нәтижесінде қазақстандықтар елорда күніне орай төрт күн демалады: 6, 7, 8, 9 шілде. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.

Шілдеде қазақстандықтар мына күндері демалады:

  • 2 шілде - демалыс күні;
  • 6, 7, 8 және 9 шілде - мерекелік демалыс күндері;
  • 15 және 16 шілде - демалыс күндері;
  • 22 және 23 шілде - демалыс күндері;
  • 29 және 30 шілде - демалыс күндері.

Осылайша, шілдеде 11 күн демалыс болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова