"5 құрлықтағы 11 шетелдіктің екі апталық еңбегі" - домбыраны бір мезетте тартқандар Қазнетті тәнті етті

TikTok-та домбырамен күйді бір мезетте орындағандар Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео dombra.academy TikTok-парақшасында пайда болды. Видеода 8 елден жиналған 11 адам "Ирина Кайратовна" тобының "Көк ту" әніндегі танымал күйді орындайды. 

"Бұл 5 құрлықтан 10 түрлі уақыт белдеуінде болуына қарамастан,  онлайн жиналған менің 11 студентімнің екі апталық еңбегі! Бұл жобаны мақұлдау оңай болмады, көп еңбектендік, бірақ нәтиже көңілімнен шықты", - дейді видео авторы. 

Оның сөзінше, қатысушылардың жасы 15 пен 60 жас аралығында екен. 

"Бұл кез келген адам жасына, жынысына, елі мен тәжірибесінің бар-жоғына қарамастан, домбыра тартуды үйрене алады деген сөз", - дейді видео авторы. 

@dombra.academy

THIS is what me and my 11 students from 5 continents were able to do in just 2 weeks while being in 10 different time zones! ??? It was a lot of work and coordinating everyone was quite challenging but it was 1000% worth it! Can’t believe I taught them to play like this online being throusands of miles away ??✨ proud of you all! And if you want to learn to play like this, I’m launching a new program where not only you can learn to play the dombra in just 6 weeks but also get a dombra as a gift before the start of the program! This is only for those, who pre-register through the link in bio ❗️?? So fill out the form before the instruments run out ?

♬ original sound - Dombra Academy

Видеоны көрген Желі қолданушылары домбырашылардың өнеріне тәнті болған. 

"Домбыраның популизация жасап жатқаңызға мың алғыс, ісіңіз алға бассын"

"Мәссаған! Ішімдегі қазақ айғайды салды! Керемет"

"Домбыраның үні қандай керемет!"

Еске салайық, бұған дейін қазақша ән айтатын кореялық азамат енді домбыра тартуды үйреніп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз. Кореялық әнші Сон Вон Соб бірнеше заманауи қазақ шығармаларын корей тіліне аударып орындады. Қазақстанға екі рет жасаған сапардан кейін оның репертуарында халық әні пайда болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!