Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

Әнші Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Tengri Life редакциясына Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметі өкілдері растады. 

"Филармония оның құрамына кіретін ұжым ғана емес. Сонымен қатар, оның залы жиі жалға беріліп тұрады. Бұл концертке де зал жалға берілген, яғни адамдар залды жалға алып, концерт өткізу үшін коммерциялық бөліммен байланысады. Сондықтан ұйымдастырушылардың бастамасымен концерт болмауы мүмкін. Бұл жағдайда да солай болды", - дейді филармонияның баспасөз қызметі өкілдері. 

"Жаман дегенде жақсысын кім береді?" Қайрат Нұртастың әкесі Төреғали Төреәлінің жағдайына қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, концерт 8 шілдеде Астана қаласы филармониясының концерт залында өтуі керек болған. Концертте Төреғалиден бөлек әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнер көрсетуі керек болған. 

Еске салайық, 14 маусымда Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.

Бастапқыда әнші 20 тәулікке қамауға алынды. Төреғали Төреәлі өз ісіне өкініп отырғанын жеткізді. 21 маусымда Төреғали Төреәлі тағы бірнеше күн қамауда болатыны белгілі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина