"Ашуланғанда "Абай аға", былай "тақсыр" дейді". Абай Бегей әйелі өзін қалай атайтынын айтты

"Ашуланғанда "Абай аға", былай "тақсыр" дейді". Абай Бегей әйелі өзін қалай атайтынын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Абай Бегей әйелі өзін "тақсыр" деп атайтынын айтты. Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің айтуынша, өзінің анасы да кезінде әкесінің есімін атамаған.

"Өзі қалады (тақсыр деп атауды - еск.). Ашуланған кезде "Абай аға" дейді. Былай кезде "тақсыр" дейді. Ол Нұр-Мүбарак университетін бітірген. Араб тілінен сабақ берген. Сол жерді бітіргеннен кейін "солай атайын" деді. Анам да әкемнің атын айтпаған. Әкемнің аты - Өсербай. Әкеміздің зейнетақысын алуға барғанда, қасындағы әйелдерден "шалдың атын айтып жіберші" деп сұрайды екен. Қазақта күйеуінің атын айтпау бар. Сол себептен бе, "тақсыр деп айтайын" деді. "Жақсы" дедім", - дейді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегей итінің үйшігін 300 мың теңгеге салғызғаны хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова