Абай Бегей итінің үйшігін 300 мың теңгеге салғызған

Абай Бегей итінің үйшігін 300 мың теңгеге салғызған
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Абай Бегей итіне 300 мыңға үйшік салғызғанын айтты. Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, құрылыс заттарына көп ақша кеткен.

"300 мың болғанда, қазір арматура қымбат. Барлығы материалға кетті десек болады. 250 мыңы материалға кеткен шығар. Арматура, темір. Баламның иті. Үйге көшіп барғанда, "ит асырайық" деп, ит асырадық. Әлі күшік. Бір жыл болды. Ауылда 8-сыныпта оқып жүргенде Қарақұлақ деген итім болды. ...Өліп қалып, жылағаным бар, содан кейін ит баққан жоқ едім. Балам "ит бағайық" дегеннен кейін осы итті асырап алдым", - дейді Абай Бегей. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова