Болат Назарбаев көлік базарынан айырылды: сот шешімі өзгеріссіз қалды

Болат Назарбаев көлік базарынан айырылды: сот шешімі өзгеріссіз қалды
Фото: Tengrinews.kz архивінен

Апелляциялық инстанция "Барыс" автобазары орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін заңды және негізді болғандықтан өзгеріссіз қалдырды.

Әңгіме Болат Назарбаевқа тиесілі "Барыс" автобазары орналасқан 37,6 гектар жер туралы болып отыр. 2004-2019 жылдар аралығында Қарасай ауданы мен Қаскелең қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ ауданның жер қатынастары бөлімі мемлекеттік жерлерді жекенің қолына бергені айтылды. Жер телімдерін сату-сатып алу бойынша барлығы жеті келісімшарт жасалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек