"Қолдарында таяқ бар". Талғардағы автовокзалда жігіттер жаппай төбелесті

"Қолдарында таяқ бар". Талғардағы автовокзалда жігіттер жаппай төбелесті
Фото: instagram/kris_p_talgar

Талғардағы автовокзал маңында екі топ жастар жаппай төбелес шығарды. Оқиға өтіп бара жатқан көліктің бақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төбелес түнгі сағат екілер шамасында болған. Кадрлардан қақтығыс орталық көшенің екі жағында өрбігенін көруге болады. Кейбір жігіттердің қолында таяқтар бар.

Instagram желісіндегі kris_p_talgar парақшасында жарияланған видеоның астына Алматы облысы Талғар ауданы бойынша полиция басқармасының басшысы Рүстем Жарықбасов оқиғаға қатысты түсінік берген.

"Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, осы оқиғаға қатысушылар Талғар аудандық полиция бөліміне жеткізілді", - деді полиция полковнигі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан