Жолға бөлінген 1 миллиард теңгеден аса қаржы қолды болған

Жолға бөлінген 1 миллиард теңгеден аса қаржы қолды болған
Фото: pixabay.com

Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден аса қаражат ұрланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.

"Ол жол салуға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Нақты жұмыстарды орындамай бюджеттен 1 миллиард 244 миллион тенге төленген", - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Мұндай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.       

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова