Қауіпті екенін айтқан. Жоғалған сүңгуірді сынақтан өткізген жүргізушісі жұмыстан қуылған

Қауіпті екенін айтқан. Жоғалған сүңгуірді сынақтан өткізген жүргізушісі жұмыстан қуылған
Фото: twitter.com

Сүңгуір кемелерді сынау үшін жалданған OceanGate жүргізушісі Дэвид Лочридж "Титан" батискафының қауіпсіздік бойынша тиісті деңгейде сынақтан өтпегенін ескерткені үшін жұмыстан шығарылған. Бұл туралы тергеу материалдарынан белгілі болды.

"Сүңгуір құрылғыларды сынау үшін жалданған жүргізуші бес жыл бұрын сот құжаттарында "Титанның" көміртекті қабықшасының 4000 метрге қауіпсіз түсуі үшін тиісті сынақтан өтпегенін ескерткен соң жұмыстан шығарылғанын айтты", - деп хабарлайды NBC News.

Лоучридж сонымен қатар OceanGate тереңдікте қауіпсіз пайдалануға болатын иллюминатор үшін компания қосымша ақы төлеуден бас тартқанын айтты. Ол OceanGate тұтынушыларға қауіп төндіреді деп шағымданғанда, оған "орнын дереу босатуға 10 минут" берілген екен.

Айта кетейік, Атлант мұхитында Титаниктің қирандыларына саяхат жасап жатқан батискафпен 2 күн бұрын байланыс үзілген. Сүңгуір қайықта 5 адам болған, оның ішінде британдық миллиардер Хэмиш Хардинг және Пәкістанның ең бай адамдарының бірі Шахзад Дауд пен оның ұлы Сүлейман де бар.

Кейінгі  мәліметтер бойынша, экипажда 40 сағат оттегі қалған. Осыған ұқсас су асты көліктерінің бұрынғы капитаны Костас Токтаридис болған оқиғаның үш нұсқасын алға тартты. Ол сүңгуірдің жоғалып кетуіне өрт, кабинаның қысымының төмендеуі және қайықтың қысымға шыдай алмай жарылуы себеп болуы мүмкін деп есептейді.

АҚШ президенті Джо Байден де жағдайды бақылап отыр, деп хабарлады Ақ үй.

Т. Раушанұлы