"Анамның арқасында". Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтты

"Анамның арқасында". Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы қандай екенін айтты
Фото: @aissaulebakytbek

Айсәуле Бақытбек әкесіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram-парақшасында "сұрақ-жауап" айдарында әкесі туралы қойылған сұраққа жауап берді. Оқырманы одан "әкеңізбен жиі араласып тұрасыз ба?" деп сұрады.

"Біз күнде сөйлесеміз. Анамның арқасында менің ата-анаммен қарым-қатынасым жақсы, себебі отбасымызда қандай жағдай болмасын анам олардың қарым-қатынасы біздің қарым-қатынасымызға әсер етпейтінін  үнемі айтып отыратын.  Бұл әйелде қаншама даналық бар. Себебі тыныш ажырасса да, анасы балаларын әкесіне қарсы шығарып қоятын қаншама отбасылар бар. Соның нәтижесінде бала әкесін де, анасының адекваттығын да жоғалтады. Әйелдер жиі өз реніштерін балаларына жіберу арқылы олардың өмірін улайды. Сөзсіз, менде өз-өзіммен жұмысты қажет ететін күрделі сұрақ бар, бірақ мен онымен араласатыныма қуаныштымын", - деп жауап берді Айсәуле Бақытбек.

Еске салайық, Бақытбек Есентаев былтыр 28 шілдеде бостандыққа шықты

Бұған дейін Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдіріп, осы жағдайдан хайп жасайтын адамдарға ренішін білдірген.

А. Жапатова