"Беташарға шыға бастаймын". Депутат Ринат Заитов жалақысы жетпейтінін айтты

Парламент мәжілісінің депутаты, ақын Ринат Заитов депутаттық жалақысы отбасына жетпейтінін, тойға да, айтысқа да шығуды жоспарлап жүргенін жеткізді. Бұл туралы депутат Abay live Youtube-жобасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат Ринат Заитов өзінің жалақысы отбасына жетпейтінін, домбыра алып айтысқа және тойға шығып бастайтынын жеткізді.

© видеоскрин

"Беташарға, тойға шығып бастаймын енді. Себебі жасырмаймын алатын айлығым қолыма 800 мың теңге. Ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Өйткені үлкен қызым қазір оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады. Беташар ол бекітілген бір бизнес емес қой. Табаққа біреу мысалы 200 теңге, біреуі 500 теңге салуы мүмкін. Ол сенің алатын көрімдігің ғой. Атаңнан қалған ырымы. Материалдық тұрғыда көп көмегі тиеді. Мен оны  шығармашылықпен айналысу деп қабылдаймын. Иә, барасың ол саған беташқаның үшін берілетін көрімдігі. Кейде береді, кейде бермей қалуы да мүмкін. 70 мың теңге, кейде 200 мың теңге болуы мүмкін", - дейді ол.

Депутат айтысты ұмытпағанын және алдағы уақытта сахнаға домбыра ұстап шығатынын жеткізді.

"Айтысқа шығуға да болады. Бірақ дайындық мүлде жоқ. Таңнан кешке дейін парламент регламенті дегенді жаттап итім шығып жүр. Оның бәрін жатқа білмесең сені талап жейді. Мен өзім депутат болып айтысып көргім келеді. Өзімнің бұрын айтыстағы арманым еді. Билік өкіліне біреу бетіне сөйлесе сахнада деп. Ал менің қарсыласыма осындай мүмкіндік береді",- дейді Ринат Заитов. 

Айта кетейік, Ринат Заитов Абай облысындағы өртке байланысты шұғыл сауал жолдаған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!