Қолын скотчпен байлап тастаған: Оралда ер адам сайт арқылы танысқан қызды бірінші кездесуде тонап кеткен

Қолын скотчпен байлап тастаған: Оралда ер адам сайт арқылы танысқан қызды бірінші кездесуде тонап кеткен
Фото: ПД

Оралда жаңа танысын пышақпен қорқытып, заттарын тартып алған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 15 маусымда түнгі сағат 01:00 шамасында болған. 28 жастағы ер адам мен 29 жастағы қыз таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген.

Кейін ол қыздың қолын скотчпен байлап, оған тиесілі телефоны мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алып, оқиға орнынан қашып кеткен. БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді.

28 жастағы Ж. есімді ер адам сот санкциясы бойынша қамауға алынған. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова