Атырауда суға батқан ағайынды балалардың бірінің денесі табылды

Атырауда 13 маусымда екі ағайынды суға батып кеткен еді. Жасөспірімдердің бірінің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Екі жасөспірім Геолог ауылындағы Жайық өзеніне батып кеткен еді. 16 және 15 жастағы жасөспірімдер жабдықталмаған жерде суға түскен. Олар бір-біріне немере ағайынды болады. Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі 16 маусымда сағат 15:10 шамасында балалар суға батқан жерден жиырма метр қашықта сүңгуірлер 15 жастағы жасөспірімнің денесін тапқанын хабарлады.

"Сүңгуірлерге су астындағы жұмыстарға ағыс жылдамдығы секундына екі метр болған кезде рұқсат етіледі. Іздеу жұмыстары жүргізілетін жерде ол секундына 2,7 метр болды. Судың бұлыңғырлығы және су астындағы бөгде заттар сүңгуірлердің жұмысын қиындатады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Суға батқан екінші жасөспірімді іздеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда суға батып кеткен ағайындылардың денесі әлі табылмағаны хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!