"14 жастағы інісінің көзінше болған". Атырауда суға батып кеткен ағайындылардың денесі әлі табылмады

"14 жастағы інісінің көзінше болған". Атырауда суға батып кеткен ағайындылардың денесі әлі табылмады
Фото: ATPress.kz

Атырауда суға батып кеткен ағайындылардың денесі үш күннен бері әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, балаларды іздеумен 10 құтқарушы айналысып жатыр. Сонымен қатар, Атырау облыстық ТЖД-ның 4 қайығы жұмылдырылған. 

"Құтқарушылар іздеу жұмыстарын 13 маусымнан бері жүргізіп жатыр. 15 маусымда 10 құтқарушы 4 қайықпен іздеу ұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр", - дейді Атырау облыстық ТЖД өкілдері. 

Еске салайық, Атырауда ағайынды екі бала суға батып кеткені хабарланған болатын.  Жасөспірімдер Жайықтың тыйым салынған жеріне келіп суға түскен. Шомылып жүрген екеуін ағыс алып кеткен. Бауырларының суға батып кеткенін үшінші бала хабарлаған. Оқиға 15, 16 жастағы ағайынды екі баланың 14 жастағы інісінің көзінше болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина