Жүсіпбек Аймауытұлының бұрын жарияланбаған шығармасы табылды

Жүсіпбек Аймауытұлының бұрын жарияланбаған шығармасы табылды
Фото: alash24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытұлының ешқайда жарияланбаған шығармасы табылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

"Баршаңызға мәлім, қазір қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттеліп жатыр. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен "авторы Жүсіпбек Аймауытұлы" деп көрсетілген шығарма табылды. Мұны екі дерек көзі растап отыр. Өлеңмен жазылған туындыны сол кезде тәркіленген Алаш зиялылары еңбектерінің бір бөлігі деуге негіз бар. Онда ұлттың жаны ешқашан өлмейтіні жырланған. Шын мәнінде, қазақтың қайсар рухы ешқашан сынбаған. Керісінше, әрбір қиындық жұртымыздың жігерін жанып, халықты шыңдай түскен. Алаш рухы Қазақ мемлекетімен бірге мәңгі жасайды. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, әлемдегі өз орнымызды айқындаймыз. Қазақ елінің Адал азаматтары болып, Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз", - деді Тоқаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова