Димаш Құдайберген атасын ақтық сапарға шығарып салды

15 маусымда Астанада әнші Димаш Құдайбергеннің атасымен қоштасу рәсімі өтті. Желіде жаназадан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Құдайберген Айтбаевты ақтық сапарға әншінің өзі және туыстары шығарып салды. "Әзірет Сұлтан" мешітінде өткен жиынға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли қатысты.

Еске салайық, 13 маусымда әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі 2019 жылы берілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!