Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды

Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында жазды.

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай", - деді ол.

Айта кетейік,  мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі 2019 жылы берілген болатын. 

Т. Раушанұлы