Әсел Сәдуақасованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды

Танымал әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы кәсіпкер Бейбіт Әлібеков Instagram-парақшасында жариялады. Ол Әселдің күйеуі Мағжан Тілеуханнан өнер иесінің мәһрге не сұрағанын және үйленгеннен кейін қандай сезімде екенін сұрады. 

"Керемет. Бірінші күн, әзірге түсініксіз, бірақ маған ұнап жатыр. Әрине, сақинамды шешпеймін. Әсел мәһрге 2023 жылғы жаңа гелик (Gelandewagen - еск.) сұрады", - дейді ол. 

Айта кетейік, су жаңа 2023 жылғы Gelandewagen-нің нарықтағы бағасы 100 миллионнан басталады. 

Еске салайық, 13 маусымда "Поток" жобасының негізін қалаушы Мағжан Тілеухан мен танымал әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. 

Сондай-ақ, нумеролог Әсел Сәдуақасова мен 7 жас кіші сүйіктісінің қатынасына талдау жасаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!