"Қызығы тез басылады". Нумеролог Әсел Сәдуақасова мен 7 жас кіші жігітінің қатынасына талдау жасады

"Қызығы тез басылады". Нумеролог Әсел Сәдуақасова мен 7 жас кіші жігітінің қатынасына талдау жасады

Нумеролог ‌Құралай Мекембаева Әсел Сәдуақасова мен өзінен 7 жас кіші Мағжан Тілеуханның қарым-қатынасына талдау жасап көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нумерологтың айтуынша, өнер иесінің қызығушылығы тез басылады, қарым-қатынаста әр нәрсені бақылап отырғанды ұнатады. 

"Әсел - нағыз Бета, ол мықты, жігерлі әрі әр нәрсені бақылауында ұстағанды ұнатады. Оның өзгеріп жатқанына қарап сүйсінуге болады. Оның жетістіктері мен батылдығы туралы ұзақ айтуға болады. Ал оның жеке өміріне тоқталса, ол - перфекционист, тізімдер мен ережелерді жақсы көреді, жұпта бақылауды жақсы көреді. Қызығушылығы тез басылып, серігіне салқындай бастайды. Бастапқыда көбелектер мен флирт күйі болғанымен, қарым-қатынас әдетке айналғаннан кейін, қызығушылығы басылады", - деп жазған ол.

Нумеролог Әсел Сәдуақасованың жігіті Мағжан Тілеухановтың мінезіне талдау жасады. 

"Мағжан Тілеухановқа ұзақ қарым-қатынас құру қиын, себебі ол қиындыққа тап болса қашып кетеді, қарым-қатынасты үзеді. Оның қасында әйелдер өздерін еркін, нәзік сезінеді. Әрі онымен уақыт өткізу қызық. Оның мінезі нағыз ер көшбасшыларға тән. Өте позитив әрі оптимист. Қалжыңдай біледі, оған сенім артуға болады, ол ақша таба алады", - деп жазған нумеролог. 

Еске салайық, Әсел Сәдуақасованың оқырмандары оның сүйіктісін танып қойған еді. Актриса жеке өмірін әрдайым құпия ұстап келген, бірақ бұл жолы сүйіктісімен бірге түскен фотоларын бөлісті. Фото артқы жақтан түсірілгеніне қарамастан, өнер иесінің оқырмандары оның сүйіктісін бірден танып қойды. Бұл Мағжан Тілеуханов болып шықты, ол актрисадан 7 жас кіші. Мағжан Тілеухановтың өзі маркетолог, блогер Арман Юсуповқа тиесілі "Поток" жобасының негізін қалаушы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек