БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бүгін таңертең 05:20 шамасында Казталов аудандық ПБ-ге Казталовка-Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. Lada-2110 автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Cалдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтап, тапты. Ол Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал жинақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан