Алматының бір ауданында алдағы демалыс күндері суық су болмайды

Алматының бір ауданында алдағы демалыс күндері суық су болмайды
Фото: pixabay.com

Алматының Наурызбай ауданында демалыс күндері суық су болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 10 және 11 маусымда Қарғалы, Құрамыс, Қарағайлы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Қалқаман-2 (оңтүстік бөлігі) шағын аудандарына су беру уақытша тоқтатылады.

"Ауа температурасының жоғарылауы нәтижесінде таулардағы қар жамылғысының қарқынды еру процесі басталды, бұл өзендердегі ағынды сулардың көбеюіне және судың ластануына әкелді. Ақсай және Қарғалы өзендеріндегі бастапқы судың лайлануының артуына байланысты сүзгі станцияларынан су алу уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Су берудегі шектеулер қолданылу кезеңінде сумен жабдықтау автоцистерналармен қамтамасыз етіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан