Мүгедектігі бар жандар несие алудан шектелмейді

Мүгедектігі бар жандар несие алудан шектелмейді
Фото: ru.freepik.com

Мүгедектігі бар жандарға банктердің несие бермей қоюына жол берілмейді. Бұл туралы депутаттық сауалға орай берілген жауапта белгілі болып отыр,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жалпы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес, биылғы 1 мамырға дейін І, ІІ, және ІІІ топтағы мүгедектігі бар 66,7 мың адамның негізгі қарызының сомасы шамамен 39 млрд теңге болған. Бұлардың дені - тұтынушылық займдар мен шағын несиелер.

"Қазіргі уақытта банктер несие берген кезде өтінім иесінің табысының дәлелі ретінде ресми кірістерден (зейнетақы аударымдары туралы деректер негізінде есептелген) бөлек, оның банктік есепшотына немесе картасына соңғы 6 айда түскен түсімдерді қабылдайды. Алайда  мүгедектігінің болуы немесе өтінім берушінің зейнетақы аударымдарының жоқтығы, сондай-ақ орта немесе жоғары білімінің, еңбек өтілінің болуы (болмауы) сияқты басқа да осындай себептермен несие беруді шектеуге және бас тартуға жол берілмейді", - делінген Премьер-министрдің жауабында.

Азамат Қойшығара

А. Жапатова