Джо Байден диплом табыстау рәсімінде сахнада құлап түсті

АҚШ президенті Джо Байден Колорадодағы Әскери-әуе күштері академиясының түлектерін құттықтау кезінде сахнадан құлап түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Байден сахнада жатқан құм дорбасын басып өткен. Сақшылар дер кезінде жетіп, 80 жастағы президентті аяғынан тұрғызуға көмектесті.

Көп ұзамай Ақ үй әкімшілігі АҚШ басшысына қатысты пікір білдіріп, оның жағдайы жақсы екенін айтты.

Бұған дейін Байден Питтсбургте (Пенсильвания) сөз сөйлегеннен кейін абдырап қалып, сахнадан шығудың жолын бірден таба алмағаны туралы ақпарат тараған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!