Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік үштікке енді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 4-орыннан үшіншіге көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен бірге әлемнің бірінші ракеткасы да ауысты. Бірінші орынды Беларусь теннисшісі Арина Соболенко алса, Ига Швентек бір орынға төмендеп, екінші орынға түсіп қалды.

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) Францияның ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін рейтингіні жаңартады, содан кейін теннисшілердің нақты орындары белгілі болады.

Cонымен бірге тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 58-орыннан 54-ке көтерілген.

Еске салайық, Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирін жеңіспен бастады. Бірінші кездесуде ол чехиялық Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Ертең, 1 маусымда қазақстандық теннисші Чехияның тағы бір өкілі Линда Носковамен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!