Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" алғашқы айналымында 16 жастағы теннисшіні жеңді

Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" алғашқы айналымында 16 жастағы теннисшіні жеңді
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен ойнады.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Енді Елена Рыбакина турнирдің екінші раундында тағы бір чехиялық теннисші Линдой Носковамен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан