"Осы сәтті қанша армандап күттіңіз". Роза Рымбаеваның немересімен серуендеп жүрген сәті елді сүйсінтті

Қазақстанның еңбек сіңірген халық әртісі Роза Рымбаева немересі Зейінмен саябақта серуендеп жүрген сәтінен видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Немереммен табиғат аясындағы серуен" , - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасына.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Ұзағынан сүйіндірсін", "Бақытты әже болыңыз", "Шөпшектің қолынан май, дәм татыңыз", "Немереңіз бақытты бала", "Қандай керемет", "Нағыз әже", "Осы сәтті қанша армандап күттіңіз", "Ғажап", - дейді олар.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Әли Оқапов баласының есімін өзі қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!