Прокуратура Ақтаудағы үш баласын өлтірген ер адамның ісіне қатысты күтпеген дерек айтты

Ақтаудағы үш баласын өлтірген ер адамның ісіне қатысты күтпеген дерек айтылды. Прокурорлардың сөзінше, ер адамның үш баласын өлтіруіне қызғаныш себеп болуы мүмкін. Іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, тергеу екі айға созылған. 36 жастағы ақтаулық 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

"Зерттеу нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы айыпталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша айыптау актісін жасады және іс сотқа берілді. Кінәлі адамның іс-әрекетін түпкілікті бағалауды сот береді", - дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалай басқармасының басшысы Данияр Төлегенов. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді. 

Қанды қылмыс болған кезде үш баланың анасы Атырауда болған. Ал балалар Ақтауда әкесінің үйінде болған. Үш баланың анасының сөзінше, ел арасында тараған жат ағым туралы пікірге ақталғысы келмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!