"Балалар Аллаға қайтты". Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді

"Балалар Аллаға қайтты". Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді
Фото: © lada.kz

Биыл 24 наурызда Ақтауда жағаұстатар жағдай болып, ер адам үш баласын өлтірген еді. Күдіктінің жұбайы, балалардың анасы бұл жағдай туралы "Көреміз" бағдарламасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама мәліметінше, күдікті - 37 жастағы ақтаулық. Ол 12 жыл бірге тұрған жұбайынан бір ұл, екі қыз сүйген. Ал олар 2022 жылы заңды түрде ажырасқан.

Күдіктінің әпкесі інісі балаларын жақсы көргенін, ал келіні алимент талап еткенін айтқан. Ал бағдарлама мәліметінше, полицейлер күдікті "Жусан" операциямен елге келгенін, деструктив діни ағым бойынша есепте тұрғанын жеткізген.

Қанды қылмыс болған кезде үш баланың анасы Атырауда болған. Ал балалар Ақтауда әкесінің үйінде болған. Үш баланың анасының сөзінше, ел арасында тараған жат ағым туралы пікірге ақталғысы келмейді.

"Айта берсін, мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Намаз оқимын, рас. Вахабист дейді, маған бәрібір. Сөйлей берсін, ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз-өзіме жауап беремін. Балалар Аллаға қайтты. Сол адамның себебімен Аллаға қайтты. Болды", - деген әйел бағдарламаға.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова