Жасырынбақ ойнап жүрген: Жетісу облысында 9 жастағы қызды электр тогы соқты

Жетісу облысында 9 жастағы қызды ток соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, ол жасырынбақ ойнап жүрген кезде трансформаторға тиіп кеткен. Ауыр жағдайдағы жәбірленуші дереу Текелі қаласының ауруханасына жеткізілген. Ал жауапты қызметтерге қатысты тексеріс жоспарланып отырғаны айтылды.

"Бұл дерек қалалық полицияның есепке алу кітабында ресми тіркелді. Жиналған материал тиісті тексеріс үшін Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстық департаментіне жіберілді" - деді облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Еске салайық, бұған дейін Таразда трансформатор маңында ойнап жүрген 4 жасар баланы ток соққаны хабарланған еді. 

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиға Тараздағы Абдуллин көшесінде болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!