Таразда трансформатордың жанында ойнап жүрген 4 жасар баланы ток соқты

Таразда трансформатордың жанында ойнап жүрген 4 жасар баланы ток соқты
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Таразда трансформатордың жанында ойнап жүрген 4 жасар баланы ток соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Тараздағы Абдуллин көшесінде болған.

Сол көшенің бойында ересектердің қарауынсыз қалып, трансформатордың жанында ойнап жүрген 2018 жылы туған баланы электр тогы соққан.

Ол қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті:

  • Трансформаторлы шағын станциялар және электр жеткізу желілерінің жанында ойнауға болмайды;
  • Электр желілік құрылыс аумағына және орынжайларына кіруге, электр қондырғылардың, электр күш беретін орынжайлардың есігін ашуға болмайды!
  • Жақын жерде электр жеткізу желісі өтетін үйлер мен құрылыстардың төбесіне, ағашқа, теміржол вагондарына және басқа объектілерге шығуға болмайды;

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан