Ақтаудағы үш баласын өлтірген ер адамның ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Ақтаудағы үш баласын өлтірген ер адамның ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Ақтауда үш баласын өлтірген ер адамның ісіне қатысты соталды тергеу аяқталды. Іс прокуратураға жіберілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Іс прокуратураға зерделеуге жіберілді, содан кейін шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді аймақ полициясы.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді. 

Қанды қылмыс болған кезде үш баланың анасы Атырауда болған. Ал балалар Ақтауда әкесінің үйінде болған. Үш баланың анасының сөзінше, ел арасында тараған жат ағым туралы пікірге ақталғысы келмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова