Аз ақшамен қандай елдерге саяхаттауға болады?

Жаз басталуына санаулы-ақ күн қалды. Алайда саяхатын ерте жоспарламағандар үшін әлі де мүмкіндік бар. Өйткені Қазақстаннан арзан билет алып, кемінде бір апта көлемінде шетел аралауға болады. Massaget.kz тілшісі демалуға арзан елдер тізімін жасады.

23 елге саяхаттап, өзі де авторлық турлар ұйымдастырып жүрген Нұрдәулет Нұрмахамбетұлы 2023 жылы мына елдер саяхаттауға тиімді екенін айтады:

  • Түркия
  • Грузия
  • Әзербайжан
  • БАӘ

Сондай-ақ, ол қандай бағыттар бойынша ұшуға болатынын да көрсеткен.

  • Scat airlines: Ақтау/Ақтөбе/Шымкент - Ыстамбұл; Ақтау - Баку; Ақтау - Тбилиси.
  • Fly Arystan: Түркістан - Стамбул; Ақтау/Атырау/Астана/Шымкент - Кутаиси; Ақтау - Баку
  • Turkish airlines: Ақтау/Түркістан - Ыстамбұл; Алматы - Анкара
  • Pegasus airlines: Алматы/Шымкент - Ыстамбұл; Алматы - Анкара
  • Wizz air: Алматы/Астана - Абу-Даби

Танымал журналист, 43 елді аралаған Руслан Меделбек те жастар үшін қолайлы саяхаттар тізімін ұсынған. 

"Бали, Вьетнам, Таиланд, Өзбекстан, Непал - жастар үшін саяхаттауға ең арзан бес ел. Бұл елге бастысы жетіп алсаңыз болды, күндік шығын ұзаса 20 мың теңге болады. Бұл елдерде бір апта демалам десеңіз 80-120 мың теңге арасында шығын кетеді. 80-120 мың теңгенің ішінде ұшақ билеті мен виза кірмейді. Бастысы арзан ұшақ билеті мен виза шығынын ескеріңіз. Ұшақ билеті мен виза бұл елдерде 150 мың теңгеден басталады. Бастысы билетті ертерек алып, қамданып жетіп алсаңыз болды. Әріқарай қыдыру, қонақ үй, тамақ, экскурсия арзан. Хостелге, арзан қонақ үйге жатып, қоғамдық көлікпен жүріп, көшеден тамақ ішуге дайын жандар ғой жастар деген. 4-5 жұлдызды отел, рестораннан тамақ, такси десеңіз шығын, әрине, көп болады. Егер көше тамақтарын ішіп, арзан отел/хостелге жатып, қоғамдық көлікпен жүрсеңіз осы шығын кетеді", - деп кеңес береді әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Руслан Меделбек.

Сонымен ел көрген, жер көрген саяхатшылар ұсынған елдерді есептеп көрдік.

1. Өзбекстанға саяхат: түрлі түсті колорит, дәмді тамақ, арзан баға

Қазақстанға ең жақын ел ретінде Өзбекстан - тиімді нұсқалардың бірі. Бұл елде теңгені сомға айналдырып, әп сәтте миллионер атануға болады. Өзбекстанға тур ұсынатын компания өте көп. Әдетте олардың құны 60-70-80 мың теңгеден басталады. Өзбекстанға Шымкент қаласы арқылы қатынайтындықтан, турды Шымкенттен алсаңыз, арзанға шығады. 

pixabay

Ал өзіңіз саяхаттағыңыз келсе, Өзбекстанға Алматы, Шымкент бағыттары арқылы ұшақпен немесе пойызбен жетуге болады.

pixabay

pixabay

freepik

Өзбекстан тарихи орындарымен, дәмді тамағымен, көктем-жаз мезгілдерінде балғын жемістерімен ерекше есте қалады. Алайда бұл нәрселер қалтаңызға ауырлық салмайды.

2. Грузияға саяхат: таза ауа, биік таулар, шампан дәмі

Грузия - Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Бұл елдің таңғаларлық табиғатынын бөлек бір ерекшелігі - минералды су көздеріне бай екені, әсіресе, Боржомиімен танымал. 

pixabay

Грузияға сапарлап келгендер бұл елдің тағамдарының дәмі естен кетпейтінін, тіл үйіретінін айтады.

freepik

Сондай-ақ, Гүржістан шарап өндіруімен де ерекшеленеді.

pixabay

Бұл елге Атырау, Ақтау қалалардан арзан бағаға билет табуға болады. Алматыдан да 100-120 мың теңге аралығына билет ала аласыздар. Ал арнайы сайттардан қонақүйге тапсырыс жасауға болады. Қонақүй бағасы шамамен 10 мың теңгеден басталады.

3. БАӘ-ге саяхат: құм, түйелер, естен кетпес демалыс

Арабия түбегінде орналасқан БАӘ көз тартар биік ғимараттарымен, қалаларымен ерекшеленеді. Дубай - соның дәлелі.

pixabay

pixabay

Бұл елге ұшақ билеті, қонақүйден бастап барлық қызметті ұйымдастыратын тур компаниялар өте көп. Ал өзіңіз ұйымдастырғыңыз келсе, билет құны бір бағытқа 80 мың теңгеден басталады.

4. Таиландқа саяхат: балғын жемістер, теңіз, жағажай

Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан, саяхаттауға қолайлы елдің бірі - Таиланд. Бұл ел жұмбақ, тылсым құпияларымен, орындарымен туристерді тартады. 

pixabay

Таиландтың басты ерекшеліктерінің бірі экзотикалық жемістерде. Мұнда келген жан міндетті түрде олардың дәмін көруі қажет.

Pixabay

Ал бұл елге саяхат құны салыстырмалы түрде қымбатырақ, 180 мың теңгеден басталады.

5. Түркияға саяхат: тарих, дәстүр, мәдениет

Азия мен Еуропа құрлықтарында, Қара теңіз бен Жер орта теңіздері маңында орналасқан Түркия мемлекеті тарихымен де, табиғатымен де естен кетпес демалыс сыйлайды.

Әдетте туристер Ыстамбұл қаласын, ондағы тарихи орындарды аралайды.

Pixabay

Одан бөлек, Түркияға жолы түскендер мүмкіндік болса, Каппадокияны бір рет көрсе еш өкінбейді.

Pixabay

Түркияның асханасы қазақтарға жақсы таныс. Сондықтан бұл елде тамаққа байланысты қиындықтар туындамайды.

Pixabay

Ал бұл елге билет құны 75 мың теңгеден басталады. Шымкент, Түркістан бағытынан алсаңыз, тиісінше арзан билеттер табуға болады. Бұл елде де күнделікті өмір сүру құны қалтаңызға ауырлық соқпайды. 

Айта кетейік, бұған дейін ел ішінде арзан бағаға демалуға болатын жерлер тізімін жариялаған едік.

Биыл маусымда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым жұмыс істеп, 28 маусым демалады, 29, 30 маусым қайта жұмыс істейді.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.

Жазғы демалысқа қарызсыз қалай ақша жинауға болады?

Еске салайық, бұған дейін заңгер азаматтар жақын арада еңбек демалысын алып, тағы да демалысқы шыққысы келсе, алайда жұмыс беруші тарап келіспесе, не істеуге болатынын айтқаны хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!