Ел ішінде қайда арзан бағаға демалуға болады?

Ел ішінде қайда арзан бағаға демалуға болады?

Жаз жақындады, демек бұл көпшіліктің еңбек демалысын алатын уақыты да жақындады дегенді білдіреді. Әдетте қазақстандықтар шетелде демалуды құп көреді. Алайда Қазақстанда да тұмса табиғат, таза ауа, әдемі көріністен ләззат алып, демалуға болады. Білмей жүрсіз бе? Ендеше, бұл сізге арналған.

Massaget.kz тілшісі "уақыт аз қалды, көп ақша жинап үлгермедім, қайда барсам болады" дейтіндерге арнап, елімізде демалуға болатын 5 жерді ұсынады.

Ranking.kz мәліметінше, 2021 жылы 19 курорттық аймақтың ішінде қызмет көрсету көлемі бойынша үштікке Алматы, Щучинск-Бурабай, Маңғыстау курорттық аймақтары кірген.

Қазақстандағы Швейцария дерсің...

Шығыс Қазақстан облысы Швейцариядан ешқандай кем түспейді. Kazakhstan.travel мәліметіне сүйенсек, мұнда табиғат та, тарихи орындар да, курорттық жерлер де табылады. Kazakhstan.travel мынадай бағыттарды ұсынады:

    • Қиын-Керіш шатқалы. Бұл жерді "Әруақтар қаласы" деп те атайды. Сондай-ақ, Мұзтау, Марқакөл қорығы, "Семей орманы" табиғи резерваты, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы және Тарбағатай ұлттық паркі бар.

    Өңір тарихи орындарға да кенде емес:

    • Аягөз қаласының маңында орналасқан Қозы Көрпеш және Баян Сұлу кесенесі.
    • Семей қаласындағы Абайдың әдеби-мемориалды мұражайы және ұлы ақынның туған жері Жидебайдағы үй-мұражайы.
    • Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы. 
    • Шығыс Қазақстан облысының этнографиялық мұражай-қорығы.

    visiteast.kz/Александр Кузнецов

    belarustourist

    Ал мына екі суретті қарағандар бірі Шығыс Қазақстан облысы, енді Швейцария десе сенбес. Құрамына 9 ірі аудан кіретін ШҚО-дағы Катон-Қарағай мен Бұқтырма - міндетті түрде көру керек жерлер тізімі.

    • Бұқтырма. Бұл жер қоймасы Алтай тауларының ортасында орналасқан.

      Бұқтырма су қоймасы Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы аумағында Алтай тауларының ортасында орналасқан. Су қоймасында қызметтерін көптеген демалыс орны ұсынады, соның ішінде "Голубой залив", "Алтайская бухта", "Аюда" және т.б. демалыс үйлері бар.

    kazkurort

    • Катон-Қарағай табиғаты ең ерекше жерлердің бірі. Оның құрамына Катон-қарағай ұлттық табиғи саябағы мен Марқакөл қорығы кіреді.

    tengrinews

    Шығыс Қазақстан облысында демалу құны бірнеше бағытқа байланысты. Бірақ турлардың бірінде 85 мың, 110 мың және 200 мың теңгеге қызмет түрін ұсынған.

    Қайрат Нұртас секілді демалғыңыз келе ме? Алакөл бар

    Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстары аумағында орналасқан - Алакөл. Көркем табиғаты, емдік суының арқасында Алакөл көпшілікке ұнайды.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Алакөл - Көз тоймайды қарасаң? (@alakol_today)

    Алакөлде ақылы демалыс түрін ұсынатын туристік компаниялар көп. Біріне хабарласып, баға қарапайым, стандарт, люкс пакеттерге байланысты өзгеретінін байқадық. Мәселен, бір күндік қарапайым пакет 10 мың теңге болады. Люкс 15 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ келіп-кету шығыны бұл қаржыға кірмейді.

    Қасиетті жерлер, рухани демалыс: Түркістанда не бар?

    Тарихи, рухани демалыс қалайтындар үшін Түркістандағы демалыс таптырмас нұсқа болады. Өйткені мұнда Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы, Гаухар ана кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Ұлы дала елі музей, Қылует жер асты мешіті, Үкаша ата кесенесі және құдығы секілді киелі жерлер бар.

    Алибек Бегалинов

    Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ

    Ал кейінгі жылдары "Керуен сарай" ескі Отырар қаласы мен жаңа Түркістанның арасындағы әдемі байланыстың орталығына айналған.

    Түркістан мен Шымкентке тур әдетте екі күнге созылады. Алайда қалауыңызға қарай тур компанияларын табуға болады. Бір күндік, екі күндік турлар 25 мың теңгеге дейін болады. Бірақ басқа қаладан арнайы келетіндерге бағасына байланысты қонақүй қарастырылған. Бірақ бұл қалаларға келіп-кету шығыны бұл қаражатқа кірмейді.

    Жетпіс екі әулие, Бекет ата, Бозжыра: Маңғыстауда қайда баруға болады? 

    Видеодан кейін дәл осындай жерде еркін демалысты аңсайтыныңыз сөзсіз. Бұл - киелі Маңғыстау. Ерекше форматтағы демалысты қаласаңыз, мұнда қарт Каспий, Бозжыра ойпаты, Бекет ата секілді жерлер бар.

    Жердегі Марс. Маңғыстау облысын кейде осылай да атайды. Оған мына суреттер дәлел.

    Суреттер: Өмірбек Сансызбай

    Мұнда таулы-ойпатты жерлерден бөлек, ерекше топырақ та бар.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от ТАРГЕТОЛОГ | ЖУЛДЫЗ | АСТАНА (@zhuldyz.ma)

    "Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша бірнеше тур бағыты бар. Қалауыңызға, жол қиындығына байланысты бағасы шешіледі", - дейді жергілікті тур ұйымдастырушылардың бірі.

    Сондықтан ерекше көріністі көргіңіз келсе, Маңғыстау туры тиімді демалыс түрі бола алады.

    "Өзіңнің кім екеніңді ұмытып қаласың". Естен кетпес әсер сыйлайтын қай жер? 

    Алматыда демалатын жерлер тізімі көп-ақ. Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы, Үлкен Алматы көлі. Тізімді осылай жалғай беруге болады. Егер дәл осы жерлерде 2-3 күндік уақыт өткізіп, табиғатта демалғыңыз келсе, ақылы қызмет түрін ұсынатын компания өте көп. Instagram мен интернет те көмекке келеді.

    Бірақ бұл жолы бұрын айтылып жүргендерден өзгерек. Туған жердің табиғатын жарнамалап жүргендердің бірі журналист - Ернар Алмабек. Ол Алматы облысының көпшілік білмейтін көрікті жерлерін жариялап, қызығушылық туғызған.

    "Көпшілік жазда барсақ дейді. Бірақ олар менің Тоғызбұлағым жылдың қай мезгілінде де әдемі екенін білмейтін сияқты", - дейді ол әлеуметтік желіде.

    Сол қызығушылықтан Тоғызбұлақ туры пайда болған. Себебі тұмса табиғаттың суреттері көп жарнаманы қажет етпейді. Ал бағасы екі күнге 40 мың теңге болады. 

    "Ғажап, иә? Мұнда келсең, күйбең тірлік, күнделікті қиындықтарды ғана емес, өзіңнің кім екеніңді де ұмытып қаласың. Сосын "Осы бір ғаламатты өз көзіммен көріп тұрмын ба, әлде бұл түсім бе?" деп, ойланасың. Күнгей Алатау, Орта Меркі өзенінің аңғары. Барғың келе ме? Кейде осы ғажапты өз көзіңмен көріп тұрғаныңа сенбейсің. Мұндай тек кинода ғана болатын сияқты" - деп жазған журналист Желіде.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

    "Тоғызбұлақ туры - Алматы облысы Кеген ауданындағы Тоғызбұлақ ауылына жасалатын тур. Тур ұзақтығы - 2 күн. Негізінен сенбі-жексенбі күндері өтеді. Турдың ең қызық сәті атқа мініп, тауға шығу, Шет Меркі, Орта Меркі өзендерінің аңғарын тамашалау. Бұл тур атқа міне алатын, экстримді ұнататын жандарға арналған. Өйткені атқа мініп, тау-тасты аралау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Біздің турдың клиенттері - 18-35 жас аралығындағы жандар", - дейді Ернар Алмабек.

    Тоғызбұлақ туры арқылы Тоғызбұлақ ауылы, Шет Меркі, Орта Меркі өзендері аңғарында атпен серуен, Күнгей Алатау, соған қоса Көкпек асуы, Ойрантөбе шайқасының орны, Торайғыр тауы, Аласа асуы, Көртоғай шатқалын көруге де мүмкіндік туады. Екі күндік тур, көлік, тамақ, гид, атпен серуен бағасы 40 мың теңге болады.

    Айта кетейік, биыл маусымда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым жұмыс істеп, 28 маусым демалады, 29, 30 маусым қайта жұмыс істейді.

    Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.

    Жазғы демалысқа қарызсыз қалай ақша жинауға болады?

    Еске салайық, бұған дейін заңгер азаматтар жақын арада еңбек демалысын алып, тағы да демалысқы шыққысы келсе, алайда жұмыс беруші тарап келіспесе, не істеуге болатынын айтқаны хабарланған еді.

    Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

    Ж. Қадыржанова