"Түсік жасатуға батылым бармады". Оралда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел әрекетін түсіндірді

Оралда 24 сәуірде қоқыс жәшігінен жалаңаш жатқан нәресте табылған еді. Кейінірек сәбиін тастаған әйел кім екені анықталды. "Мой город" тілшілері баласын қоқыс жәшігіне тастаған әйелмен сұхбаттасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 жастағы Айгүл (әйелдің өтініші бойынша есімі өзгертілді - еск.) - қазір төрт баланың анасы. Әйел төртінші жүктілігін ата-анасынан жасырған. Оның айтуынша, ол екі жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі оған бала тәрбиесінде көмектеспей, алимент төлеген. Осы уақыт ішінде ол ата-анасымен бірге тұрған. Үш баласы әлі кішкентай болғандықтан Айгүл жұмыс істей алмаған. Бұдан басқа, бұрынғы қайын енесі үнемі қысым көрсетіп, бала тәрбиесін сынайтынын айтты.

"Төртінші жүктілігімді білгенде бірден сөйлесіп жүрген жігітке айттым. Ол тұтқаны қойды да, кейін қайта хабарласып, "қалағаныңды істе" деді. Ата-анама айтуға қорықтым, олардың айғайлап, балағаттайтынын білдім. Тек емханадағы акушер ғана білетін. Ол түсік жасатуға келетінін айтты, бірақ батылым бармады", - дейді Айгүл.

Оның айтуынша, сәбиді өлтіру ойында болмаған. Толғағы басталғанда ата-анасы мен балалары ұйықтап қалған.

"Мен үй иесінен (отбасы үйді жалға алып тұрады - еск.) ваннаға түсуге рұқсат сұрадым. Үйде қысқа мерзімді толғақтар болды. Босанғалы жатқанда моншаға қайттым. Өзім босанып, кіндігін кестім. Кейін ол баланы табаққа салып, қанды жуа бастадым. Көшеге шығып, баланы көшеге қалдырмас бұрын не істерімді ойладым. Сағат таңғы төрттер шамасында болды. Мен адекват күйде болмадым. Ойланып тұрдым, бірақ көзім қарауыта бастады", - деп еске алады Айгүл.

Әйел істеген ісіне өкінетінін, балаларын өзіне қайтарғысы келетінін айтады. Оқиғадан кейін үлкен балалары әкесінің қасында, қоқыс жәшігіне тастап кеткен сәбиі балалар үйінде. Айгүл балалар үйіне баласын көруге барған, бірақ көрісе алмаған.

Қазір әйел жасаған қылмысы үшін сот шешімін күтіп отыр. Осыдан кейін сәбидің болашақ тағдырын қорғаншылық органдары шешеді.

Еске салайық, бұған дейін қоқыс жәшігінен жалаңаш жатқан нәресте табылғаны хабарланған еді. Кейінірек сәбиін тастаған әйел кім екені анықталды. Кейін сәбиді кім асырап алатыны белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!