Вице-министр Шолпан Каринова мектеп бітіру кештері қалай өтетінін түсіндірді

Вице-министр Шолпан Каринова мектеп бітіру кештері қалай өтетінін түсіндірді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биыл мектеп бітіру кештері қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Каринованың сөзінше, соңғы қоңырауды 1 маусымда Балаларды қорғау күніне орайластырып, сол форматта өткізу ұсынылған. 

"Тағы бір айта кететін мәселе 9, 11-сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 9-сынып оқушылары қорытынды емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. Ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихан 5 - 19 маусым аралығында өтеді. Аттестат тапсыру бойынша салтанатты шаралар өткізіледі. Бұл шараларды өткізуді 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынамыз", - дейді вице-министр ОКҚ брифингінде. 

Шолпан Каринова сынып сағаттары қалай өтуі керегін түсіндірді. 

"Салтанатты түрде аттестат тапсыруды өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтап, сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуде аниматорларды, мерекелік кеш  ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады және педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасауға ата-аналардан қаржы жинауға тыйым салынады", - дейді Каринова брифингте.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина