Орталық Азия мен Қытайдың жақындасуынан қауіп бар ма? Тоқаевтың жауабы

Орталық Азия мен Қытайдың жақындасуынан қауіп бар ма? Тоқаевтың жауабы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Қытаймен өте жақсы қарым-қатынас орнатуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист Қазақстан Президентінен "Қытай мен Орталық Азия бір-біріне тым жақындап келеді деген кейбір пікірлерге не айтар едіңіз?" деп сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған қатысты ешқандай күдік болмауы керек екенін айтты.

"Өйткені біздің ниетіміз ашық, шынайы. Қытай экономикасы бойынша дүниежүзі бойынша екінші орында екенін мойындауымыз керек, сондықтан біз Қытайдың рөлін мойындауға тиіспіз және бізге бұл мемлекетпен өте жақсы қарым-қатынас орнатуымыз керек", - деді Тоқаев.

Президент сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тайваньға қатысты ұстанымын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан