"Екі Қытай" болмауы керек - Тоқаев Тайвань туралы

"Екі Қытай" болмауы керек - Тоқаев Тайвань туралы
Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанның Тайваньға қатысты ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл мәселе әлемдегі барлық адамға түсінікті болуы керек деп санаймыз. "Екі Қытай" болмауы керек. Тайвань - Қытайдың бір бөлігі. Барлық мемлекетің аумақтық тұтастығы қағидаты Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген, оны сақтау қажет. Бұл қағида Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Декларациясы мен Жарғысына да енгізілген. Сондықтан мен тағы да баса айтамын, бұл бізге анық түсінікті: Тайвань - Қытайдың бір бөлігі. Бұл туралы ешқандай күмән жоқ", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында еліміздің Қытаймен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының даму перспективаларына, қазақ-қытай қатынастарының тарихы мен бүгінгі жай-күйіне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап беретіні хабарланған еді.

Қытай мен Тайвань – 70 жылдық араздық тарихы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова