"Апамыз мықты". Атпен шапқан 87 жастағы әже Желіні тәнті етті

"Апамыз мықты". Атпен шапқан 87 жастағы әже Желіні тәнті етті
Фото: видеодан алынған кадр

Желіде жасы егде тартқан әженің атпен шапқан видеосы тарады. Тамаша көрініс Қазнеттегілерді сүйсінткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан әженің атқа қарғып мінгенін байқауға болады. Видео 500 мыңға жуық қаралым жинаған.

"87 жастағы Моңғол апа", - делінген видеода.

@montrack #Mongolia #?? #fypシ #бәйге #foryou #қазақстан ♬ original sound - •montrack•

Видео нақты қайда түсірілгені, видеодағы қарияның кім екені белгісіз. Алайда Желі қолданушылары тек жағымды пікірлер жазған:

Міне, адам өмірін ұзартатын, денсаулығын мықты қылатын өмір - осы;

Апамыздың жасын берсін;

Әже от;

Апамыз мықты ғой, Алланың берген қуаты! 100 жасасын! Аналарымыз аман болсын!

Апа мықты, біз отыру білмейміз осылай. Ұзақ жасаңыз, апа.

Ай, жарайсыз! Кейбір сіздің құрдастар баспалдақпен көтеріле алмайды. Мықты, апажан. Атқа өз бетімен мініп. Аман жүріңіз. 120 жасаңыз! Деніңіз сау болсын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова