Қостанайда полицей синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

Қостанайда полицей синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанайда полицей синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 мамырда Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қостанай облысы Полиция департаменті қызметкерлері бірлескен операциясы нәтижесінде синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды.

Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің екі офицері мефедронмен ұсталғаны хабарланған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова