Қарсылық көрсеткен: әскерилер мефедронмен ұсталды

Қарсылық көрсеткен: әскерилер мефедронмен ұсталды
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің екі офицері мефедронмен ұсталды. Олар ұсталған соң қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімінің екі офицерінен 4,7 келі мефедрон тәркіленген. Оларды милиция қызметкерлері ұстады.

"Әскери қызметшілерді ұстау кезінде қарсылық көрсетті. Алдын-ала мәліметтер бойынша олар милиция қызметкерлеріне оқ атты", - делінген басылым мәліметінде.

Первомай аудандық соты екеуін де Бішкектің тергеу изоляторына қамады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова